Мәдениетті жаңғырту

«Шаттық-2015» шығармашылық фестиваліне 6 мыңнан астам бала қатысты

Астанада «Шаттық» шығармашылық фестивалінің гала концерті аяқталып, фестивальға қатысушыларға алтын медальдар табыс етілді, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 20:41

«Дельфий ойындарының аясында әр жыл сайын ұйымдастырылатын «Шаттық» фестивалі ондаған жастардың өнеріне даңғыл жол салып келеді. Биылғы жылы байқауда астананың 97 білім беру мекемелерінің өрендері өнер көрсетті»,- делінген әкімдік хабарламасында.

«Шаттық-2015» байқауына биыл барлығы 6 мыңнан астам өнерпаз театр, ИЗО, поэзия, ұлт аспаптарында ойнау, фотография, хор, вокал хореография  сиықта жанрларда өздерінің өнерлерін ортаға салып, көрермен қауымды таланттарымен тәнті етті.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, байқау өткен 5 күнде елордамыздың сахналарында 28 алтын, 40 күміс,  56 қола медальдар табыс етіліп, өнерпаздарды дайындаған ұастаздарға 250 диплом мен 124 сертификат табыс етілді.  




Яндекс.Метрика