«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қазақстанда «Ляньюньган-Алматы» бағытындағы тұрақты пойыз жолға шықты

Асқар Мәмин басқарған «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының делегациясы Ляньюньган-Алматы бағытындағы тұрақты контейнерлік пойызының іске қосылу рәсіміне қатысты. Аталмыш шараға сонымен қатар Цзяньшу провинциясының вице-губернаторы Хи Шэпин Ляньюньган қаласының партия комитетінің хатшысы Ян Синши мен қаланың өзге де ресми өкілдері қатысты.
Казахстан26 Ақпан , 10:23

«Ляньюньган қаласының теңіз айлағында орналасқан қазақстандық-қытайлық бірлескен терминал Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске қосылған. Аталмыш көлік-логистикалық терминалдың мақсаты - Қазақстанның экспортық-импорттық және тасымал әлеуетін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, аталмыш бағыт еліміздің Азия  Тынық мұхиты және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне төте жолмен шығуға мүмкіндік береді және осы аймақта еліміздің сауда-экономикалық мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасайды. Жалпы осы жол арқылы Орталық Азия мен Парсы шығанағы елдеріне, Ресей мен Қап тауы аймағы мен Еуропаға шығуға болады»,-делінген «Қазақстан темір жолы» хабарламасында.

Аталмыш жоба Елбасының жаңа қазақстандық «Нұрлы жол» саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді әрі ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпиньнің Жібек жолы бойындағы экономикалық белдеуді дамытуға негіз қалайды. 

Жұмыс кездесуі барысында «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» акционерлік қоғамының өкілдері мен Қытай тарапы қазақстандық-қытайлық логистикалық терминалдың ерекше қарқынмен дамып келе жатқандығын атап өтті.   




Яндекс.Метрика