Парламент

Атырау облысы Қазақстанда мұнай өндіру саласы бойынша 3 үздік өңірдің көшін бастап тұр

Атырау облысы Қазақстанда мұнай өндіру саласы бойынша 3 үздік өңірдің көшін бастап тұр. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Парламент Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Михаил Бортник хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 14:49

«2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан бойынша мұнай өндірудің үштігін Атырау облысы – 32,2 млн тонна (ТШО-26,7 млн тонна), Маңғыстау облысы – 18,5 млн тонна, (Маңғыстаумұнайгаз – 6,3 млн тонна), (Қаражамбасмұнай – 2,1 млн тонна),  Батыс Қазақстан облысы – 13,1 млн тонна (Қарашығанақ,  Петролиум Оперейтинг 12,2 млн тонна)»,  - деді дсенатор.

Сондай-ақ, депутат ҚР Тәуелсіздік жылдары мұнай өндіру мен газ конденсаты 1991 жылғы 25 млн тонна көрсеткіштен 2014 жылы 80,8 млн тоннаны құрады.

М.Бортник атап өткендей, мұнай-газ кешені табиғи байлықтарды қолдану, көмірсутектерді алу, оларды тасымалдау, өңдеу және сервистік көмек көрсету қызметтерін жүзеге асырады.

«Жедел мәліметтер бойынша, ЖӨӨ  23-24 пайызға, экспорт 70 пайызға жетіп, Қазақстан экономикасына тартылған  шетел инвестициясы 24 пайызды құрады», - деді ол.

Сенатордың айтуынша, мұнай өңдеу саласы Қазақстанның түсу саласын дамытуға серпін береді, әсірнесе әлемнің тұрақсыздық жағдайында өте ыңғайлы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика