Үкімет

ҚР Үкіметі негізгі мұнай өндіру компанияларына салық салуды оңтайландыру шараларын қабылдайды

Ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін ҚР Үкіметі негізгі мұнай өндіру компанияларына салық салуды оңтайландыру шараларын қабылдайды, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Михаил Бортник .
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 14:32

«Бүгінде Үкіметтің экономика блогымен бірлесіп негізгі мұнай өндіру компанияларының қаржы жағдайы саралануда, ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін негізгі мұнай өндіру компанияларына салық салуды оңтайландыру шаралары қабылданады, бұл мұнай өндіру деңгейін сақтап қалу үшін және әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін жасалады», - деп мәлімдеді сенатор.

Осы ретте, депутат атап өткендей, 2015 жылы мұнай өндіру көлемі  80,5 млн тонна деңгейінде, мұнайды қайта өңдеу 14,3 млн тонна деңгейінде болады деп болжануда. Ал, мұнай экспорты 60 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, М. Бортник толықтырғандай, индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру аясында мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу, мұнайгазхимия, машинақұрылысы  бойынша жалпыұлттық кластерді жасақтау жалғасады.

Айта кетерлік жайт, мұнайгаз кешені мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді және кейбір аймақтарда аталмыш сала мемлекет экономикасының локомотиві болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай жібереді. 2014 жылы 62,5 млн тонна мұнай экспортталды, ірі сатып алушылар Еуропада (Италия -  25%, Нидерланды  - 13%, Франция -   9 %, Австрия -  7%) және Қытай Халық Республикасында   - 17%.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика