Халықаралық интеграция

2015 жылдың маусымында «Қызылорда-Анталия-Қызылорда» халықаралық рейсі ашылады

Маусым айынан бастап Қызылорда мен Анталия арасында алғашқы чартерлік рейс ашылады, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда25 Ақпан , 17:39

Қазір Қызылордадан Астана, Алматы, Қарағанды қалаларына 20 рейс тұрақты қатынауда. Сондай-ақ, тәжікстандық әуе рейсі техникалық қажеттілікке байланысты осы өңір арқылы ұшып жүр. 

Айта кетейік, өткен жылы Қызылорда қаласының әуежайы халықаралық статус алған болатын. Қазір өзге елдермен байланыс орнату мақсатында келіссөздер жүруде. 

«Сәуір айынан бастап Қызылорда-Бішкек бағытындағы халықаралық рейс ашылады. Бұл бағытта барлық келісімдер жасалды. Бұған қоса, Ақтау, Көкшетау бағыттарына ұшақ қатынайтын болады. Одан өзге Ресей, Түркия, Қырғызстан елдерімен келісөздер жүргізілуде. Алдағы уақытта халықаралық рейстердің саны артатын болады», - деді «Қорқыт Ата» әуежайы АҚ бас директоры Сайлау Жаналин.

Маусым айынан бастап ұшатын Қызылорда-Анталия-Қызылорда чартерлік халықаралық рейсі 10 күн сайын ұшады деп жоспарлануда. Бұл "Sunday Airlines" (SCAT а/к чартерлік бөлімше) әуекомпаниясы арқылы жүзеге асады. «Kazunion» туроператорының қызметкерлері Сыр елінің турагенттіктерімен маңызды да пайдалы ақпаратпен бөлісті.

 

 




Яндекс.Метрика