Қалаларға шоғырлану

«Бәйтерек» холдингі Шымкентте мақта-мата жіп иірімдерін өндіретін зауытты іске қосты

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің компаниялар тобы Шымкент қаласында «Oxy Textile» мақта-мата жіп иірімдерін өндіретін зауытты іске қосты.
Оңтүстік Қазақстан25 Ақпан , 17:24

Бақылау жұмыстары барысында кредиторлар комитеті мен «Бәйтерек» холдингі және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен ғимаратты электрожабдықтау мен құралдарды қайта іске қосу бойынша бірқатар шаралар жүргізілді. Сөйтіп, кәсіпорын іске қосылды. Алайда, 2014 жылғы наурыз айында шикізат пен айналым құралдарының жоқтығы салдарынан кәсіпорын өз жұмысын қайта тоқтатты, деп хабарлады Ұлттық холдинг.

2013 жылғы тамыз айында «Oxy Textile» ЖШС қатысты сыртқы бақылау үрдісі енгізілген болатын. Бұл  үрдістің мақсаты – зауыт мүлігінің түгелдігін қамтамасыз етіп, кәсіпорынның қаржылық ахуалын сарапқа салу. 

2014 жылғы қазан айында «Бәйтерек» компаниялар тобы – «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ, «Қазақстан Даму Банкі-Лизинг» АҚ және  «Baiterek Venture Fund» АҚ қолдауымен кәсіпорынды сауықтырып, қайта іске қосу тәсілі қарастырылған жаңа жоспар мақұлданды.

Зауытты сауықтырып, оны қайта іске қосудың қаржылық үлгісі «Baiterek Venture Fund» АҚ тарапынан шикізат алып, «Oxy Textile» ЖШС өндірісінің іске қосылуына инвестицияның құйылуын қарастырады. «Baiterek Venture Fund» АҚ тарапынан бөлінген қаражат сомасы 907,5 млн.теңгені құрайды. Мақта-мата жіп иірімдерін өндіру бойынша кәсіпорынды іске қосқаннан кейін оның қуаттылығы жылына 6 183 тонна дайын өнім алуға дейін жетпек.

Бүгінгі таңда зауытта 90-нан астам адам жұмыс жасайды және толық өндіріске қосылғаннан бастап  жұмыс орнымен 270 адам қамтамасыз етілмек. Бастапқы кезеңде бүкіл дайын өнім экспортқа жолданады, ал келесі кезеңдегі өнім ішкі нарыққа бағытталмақ.   

Айта кетейік, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2013 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ұйымдастырылды. Холдингті ұйымдастырудың мақсаты экономиканы дамыту мен диверсификациялауға, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамытуға, еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге қолдау көрсету болып отыр. 




Яндекс.Метрика