Халықаралық интеграция

ҚР депутаты Қ.Сұлтанов Елбасының Жолдауын чех Президентіне табыс етті

2015 жылдың 25 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Мемлекет басшысының арнайы уәкілі ретінде Чех Республикасына сапармен барды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде25 Ақпан , 17:09

Прага қаласына сапар шеңберінде ЧР Президенті Милош Земанмен (Miloš Zeman) және ЧР Парламенті депутаттар Палатасы төрағасының орынбасары Войтех Филиппен (Vojtěch Filip) кездесулер өтті. Қ. Сұлтанов М. Земанға Қазақстанның кандидатурасын 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету жөніндегі Елбасының жолдауын тапсырып, чех тарапын аймақтық және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, оның ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру саласына қосқан Қазақстанның үлесімен қатар, көпжақты дипломатия саласындағы еліміздің белсенді қызметі туралы хабардар етті.

Сонымен бірге, 2014 ж. қарашада М. Земанның Қазақстанға жасаған ресми сапары қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.

ЧР Парламенті депутаттар Палатасы төрағасының орынбасарымен сұхбат барысында тараптар қазақстан-чех парламентаралық қатынастардың тұрақтылығын және екі елдің парламенттік делегация өкілдері сапарларының жиілігін атап өтіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму Комитеті мүшелерінің Чех Республикасына сапарының дайындығын талқылады.




Яндекс.Метрика