Инфрақұрылымның дамуы

Қостанайда 2015 жылы 256 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, 2015 жылы 14 мың шаршы метрі кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін үй, 16 мың шаршы метрі ипотекалық тұрғын үйді беру жоспарлануда.
Қостанай25 Ақпан , 16:54

Осы ретте, 2014 жылы бюджет қаражаты есебінен  34 мың  шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй берілді.

Бұдан басқа, халық қайтарымды негізде мемлекеттік қаражат есебінен көп пәтерлі үйлердің жалпы мүлігін жөндеуге пәтер иелеріне мүмкіндік беретін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламасына жоғары қызығушылық танытуда. Бағдарлама шеңберінде 3 жылдың ішінде 1,2 млрд. теңге жалпы сомасына 91 көп пәтерлі үй жөнделді, оның ішінде  2014 жылы  668 млн. теңге сомасына 40  үй жөнделді.

Сонымен қатар, 8,5 млрд. теңге сомасына аудандық және облыстық маңызы бар жолдарды, елді мекендердегі көшелерді 174 км  қайта жаңғырту және жөндеу жөніндегі жұмыстар  атқарылды.




Яндекс.Метрика