Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – халықаралық диалогтың бірегей туындысы - Патриарх Варфоломей

Стамбұлда Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев Константинополь Православие шіркеуінің экуменикалық патриархы Варфоломей І-мен кездесті.
Әлемде25 Ақпан , 16:38

Ж. Түймебаев ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Патриархқа жолдаған 2015 жылы 10-11 маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне шақыру қағазын табыстады, деп хабарлады ҚР СІМ.

«Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – уақыт сынынан өткен жаһанды диалог алаңы болып табылады. Ол планетамыздың дінаралық, мәдениаралық ықпалдастықтың және өазара түсінушіліктің әмбебап тетігіне айналды», - деп айтты Патриарх Варфоломей. Ол, сонымен қатар, өзара түсіністік пен төзімділік идеяларын ілгерілетудің тиімді тәсілдерінің бірі түрлі конфессиялар басшыларының арасында тұрақты сұхбат пен ықпалдастық орнату болып табылатын атап өтіп, аталған форум ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың маңызды бастамаларының бірі екенін айтты.

Айта кетерлік жайт, Константинополь Патриархаты 1453 жылдан бері Осман империясының, кейін Түркияның құрамында орнаған, оның 5 епархиясы, 10 монастырі және 30 діни мектебі бар.

Патриархаттың әкімшілік орталығы, Патриарх резиденциясы және әулие Георгийдің кафедралы шіркеуі Ыстанбұлдың Фенер жерінде орналасқан. Қазіргі кезде Патриархаттың құзыреті тек Түркия аумағымен ғана шектелмей, оған шетелдегі өзге шіркеулер қарасты: Афон, Грецияның көптеген епархиялары, Финляндияның Автономды шіркеуі, Батыс Еуропадағы, Америкадағы, Азиядағы, Аустралиядағы және Жаңа Зеландиядағы епархиялар (барлығы 234 шетел епархиясы). Олардың метрополиттерін Константинополь Православие шіркеуінің экуменикалық патриархы Варфоломей І тағайындайды.




Яндекс.Метрика