Өңірлер

Солтүстік Қазақстан облысының 80 пайыз әйелі жеке кәсіпкер

Өз Отанының өсіп-өркендеуіне үлес қосамын деген түрлі сала мамандары облыс басшысы Ерік Сұлтановтың қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жол жаңа мүмкіндіктер» атты тақырыпта өткен Іскер әйелдер форумында бірқатар маңызды мәселелерді талқыға салды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан25 Ақпан , 19:28

 Жиынға аймақтың 50-ден астам ең іскер, ең белсенді деген азаматшалары мен мемлекеттік органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Осы жиынға қатысушыларға ыстық сәлемін жолдаған аймақ басшысы өзінің «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді бағдарламасында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев

«Біз бүгінгі қоғамда әйел азаматтардың рөлінің нығая беруіне барлық жағдайларды қарастырамыз. Қазіргі заманғы әйел азаматшалар өздерінің жағдайларын жасауға ұмтылулары керек»,-деген болатын.

 «Біз бүгін Мемлекет басшымыздың айтқандары сенімді түрде қоғамымызда нық орнығып жатқандығының куәсі болып отырмыз. Бүгін Құрметті ханымдар сіздер үшін өз істеріңізді сәтті жүргізіп, түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жетулеріңізге барлық мүмкіндіктер қарастырылған», - деді Ерік Сұлтанов өзінің сөзінде. Облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының облыстық филиалы тарапынан ұйымдастырылған жұмыстардың қорытындысымен Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Сәмиев баяндап берді.  




Яндекс.Метрика