Өңірлер

2014 жылы Қостанай облысының жалпы даму бюджеті 44 млрд. теңгені құрады

2014 жылы Қостанай облысының жалпы даму бюджеті 44 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғыға қарағанда 10 млрд. теңгеге артық.
Қостанай25 Ақпан , 12:58

«Халықтың әл-ауқатын әрі қарай арттыру, облыстың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту  мақсатында 2014 жылы айтарлықтай ауқымды жұмыстар атқарылды», - деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов халықпен есепті кездесуде.

Сонымен, Қостанай қаласында қазақ тілінде оқытылатын 500 орындық орта мектептің, 280 орындық бала бақшаның және онкологиялық диспансер емханасының құрылысы басталды, аталған жобалардың аяқталуы осы жылға жсопарланып отыр.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Рудный қаласы, Перцев кентінде 150 орындық орта мектептің құрылысы басталды. Қостанай, Сарыкөл, Алтынсарин, Әулиекөл, Таран аудандары мен Арқалық қаласында  7 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды.

Бұдан басқа, Құсмұрын, Затобол және Федоров кенттерінде  спорт залдары мен стадиондар салынды. Облыс орталығында  теннис орталығының құрылысы жалғасуда.

Аталып өткендей, 2015 жылдың қорытындысы бойынша болжамды 7,2 млрд. теңге құрайтын жергілікті бюджеттің  күтілетін  кірістердің орындалмауы мүмкін. 




Яндекс.Метрика