2015 жылы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдардың 70% мүгедектерге бейімделеді

2015 жылы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, мүгедектікті анықтау сияқты әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік ұйымдардың 70% айырықша мұқтаждықтары бар тұлғаларға бейімделеді, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Нұр-Сұлтан26 Ақпан , 15:53

Атап айтқанда, бұл жұмысты зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтарда, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінде, ауруханалар мен емханаларда, қариялар мен мүгедек жандарға арналған интернаттардан бастау жоспарланып отыр.

«Аталған нысандарды бейімдеу мемлекеттік ұйымдарда пандустар мен жеделсатылар жоқ болып, есік орны тар және табалдырығы жоғары кезде қиындыққа тап болатын мүгедектер, қариялар және бесік арбамен жүретін әйелдер үшін кедергісіз орта қалыптастырады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Т.Дүйсенова ҚР ДСӘДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдеген. 




Яндекс.Метрика