Парламент

Мәжіліс ТМД-ға қатысушы елдердің ықпалдасқан валюта нарығын ұйымдастыру жөніндегі келісімді ратификациялады

Мәжіліс «Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы ұйымына қатысушы елдердің ықпалдасқан валюта нарығын ұйымдастыру келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 12:09

«Құжат  ТМД-ға мүше мемлекеттердің ықпалдастырылған валюта нарығында шетелдік валюталармен конверсиялық валюталық операциялар жасау кезінде резидент банктердің теңқұқылы болуына жағдай жасауды қарастырады», делінген Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің шешімінде.

Бұл келісім бойынша, тараптардың әрқайсысы екінші жақтың резидент банктеріне банкаралық конверсиялық операциялар жасау үшін өздерінің валюталық нарығына кіруге мүмкіндік жасайды.

«Келісім талаптарын жүзеге асыру, өкілетті органдардың жұмыстарын үйлестіру және екіжақты тараптардың ережелері мен жалпығабірдей халықаралық тәжірибеге негізделген, ықпалдастырылған валюта нарығына қатысушыларға қойылатын талаптарды келісу үшін, сонымен қатар банкаралық конверсиялық операцияларды жүзеге асыруда бәсекеге қабілеті орта қалыптастыру - қаржы-валюта нарығындағы қатынастарды жүзеге асыратын ТМД органына жүктеледі»,-делінген комитет мәліметтерінде.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика