Экономика

2015 жылы Қазақстанда 60 млн тонна мұнайды экспорттау жоспарлануда

2015 жылы Қазақстан Республикасында 60 млн тонна мұнайды экспорттау жоспарлануда, деп мәлімдеді ҚР энергетика министрінің орынбасары Ұзақбай Қарабалин.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 11:46

«2015 жылы мұнай өндіру көлемі  80,5 млн тонна деңгейінде, мұнайды қайта өңдеу 14,3 млн тонна деңгейінде болады деп болжануда. Ал, мұнай экспорты 60 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде», - деп сендірді вице-министр.

Сонымен қатар, Қарабалиннің айтуынша,  2014 жылы мұнай өндіру көлемінің өсімі «Өзенмұнайгаз», «Эмбамұнайгаз», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнайгаз» компанияларында байқалды.

Оның үстіне, вице министр атап өткендей, 2014 жылы экономика өсімін қамтамасыз ету жоспарына сай Энергетика министрлігі мұнай өндіру көлемін жоспарланған көлемге жеткізу үшін кешенді шаралар жүргізді. «Жалпы аталмыш жоспардың шараларын жүзеге асыру қосымша 270 мың тонна мұнай өндіруге септігін тигізді, осылайша республика бойынша жоспардан қалып қою көрсеткішін барынша төмендетті», - деп түсіндірді Ұ. Қарабалин.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика