Экономика

Ұ.Қарабалин: Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 3 есе артты

1991 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 3 есе артты, деп хабарлады ҚР энергетика министрінің орынбасары Ұзақбай Қарабалин ОКҚ-да өткен брифингінде.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 11:34

«Мұнай өндіру көлемі 1991 жылғы 25 млн тоннадан 2014 жылы 80,8 млн тоннаға дейін артты. Яғни 3 есе өсті. Қазақстан Республикасы әлемнің мұнайлы елдерінің қатарында қорының молдылығына баланысты 12 орында тұр. Ал, 2014 жылы мұнай өндіру көлемін 80,8 млн тоннаға жеткізу арқылы әлемнің мұнай өдіруші елдерінің қатарында 17 орынға жайғасты», -  деп мәлімдеді ол.

Осы ретте, Қарабалин атап өткендей, мұнайгаз саланысының дамуы бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға негізделген. Бірінші кезекте Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған, олардың мұнай қоры 1 млрд тонна мұнай  эквивалентінен асып жығылады.

«Қазақстан Республикасында мұнай өндіруші аймақтардың көшбасында Атырау облысы тұр, оның дайын өндіру көлемі 32,2 млн тонн. Одан кейін Маңғыстау облысы - 18,5. Батыс Қазақстан облысы  - 13,1. Қызылорда облысында - 9,9. Ақтөбе облысында - 7,1. Жамбыл облысында -  20,7 мың тонна. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында 0,7 мың тонна», - деп толықтырды Ұ.Қарабалин.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика