Парламент

Мәжіліс депутаттары «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына енгізілген түзетулерді мақұлдады

Парламент Мәжілісінің депутаттары пленарлық мәжіліс барысында «2015-2017 жылдарға арналған бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 11:30

«Аталмыш заң жобасы Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі болжамдарының түзетулері негізінде 2015 жылға арналған бюджетке ел экономикасының 2014 жылғы дамуының болжамдары негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.  Бұл ретте әлемдегі тауарлы нарықтардағы жағдай мен экспортталатын тауарлардың бағасы да назарға алынған», - делінген Қаржы және бюджет комитетінің шешімінде.

Заң жобасындағы түзетілген болжамдар 2015-2017жылдары мұнай баррелінің бағасы 80 мен 50 доллар  аралығында болады деп мөлшерленген. Ал, жалпы ішкі өнімнің көлемі 2015 жылы 1,5 пайыз, 2016 жылы 2,3 пайыз, 2017 жылы 3,4 пайыз болады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, инфляция көлемін сол бұрынғысынша 6-8 пайыз көлемінде қылдару болжанған. 

«2015 жылға нақтыланған кіріс көлемі 3 219,9 миллиард теңге көлемінде белгіленіп, 939,6 миллиард теңгеге азайтылды. Ұлттық қордан алынған кепілді трансферттер 1 702 миллиард теңге көлемінде болжануда»,  -дейді комитет өкілдері.   

Сонымен қатар, комитет өкілдерінің шешімі бойынша, республикалық бюджеттің 2015 жылға арналған  шығыстары  нақтыланған жоспар бойынша және дифицит көлемінің 7 пайызға ұлғайтылуына орай 244,5 миллиард теңге болады деп белгіленіп отыр. 

«Еліміздің экономикасының болашақта күрделі кезеңдерді бастан өткеруі мүмкін екендігін ескере отырып, Үкіметтің резервтері 317,8 миллиард теңге көлемінде белгіленіп,  250 миллиард теңгеге ұлғайтылды.  Бұл шара ел экономикасын проблемалық несиелерді екінші транш көздерінен қаржыландыру арқылы ынталандыруға бөлінген  1 триллион теңгенің есебінен жүзеге асырылғалы отыр. Республикалық бюдджет тапшылығы 2015 жылы 1 265,5 миллиард теңгені құрайды деп күтілуде»,-делінген комитет мәліметтерінде. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика