2017 жылы Қазақстанда өндірілетін мұнай көлемі 86 миллион тоннаға жетуі мүмкін

2017 жылға қарай Қазақстанда өндірілетін мұнай көлемі 86 миллион тоннаға, 2020 жылы 104 тоннаға дейін жетеді деп күтілуде. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бирфингте мәлім етті.
Нұр-Сұлтан27 Ақпан , 11:25

«Қазақстан Республикасында есепті кезеңде мұнай өндіру көлемі төмендегенімен алдағы жылдары оны керісінше арттыру көзделіп отыр.  Осылайша 2017 жылы мұнай өндіру көлемі 86 миллион тоннаға жетсе, 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 104 миллион тоннаға дейін жеткізілуі мүмкін»,-деді вице-министр.

Бұл ретте ол өндірілетін мұнай көлемін арттыру Тенгиз кенішіндегі өндірістің артуымен және Қашаған кенішіндегі теңізден мұнай өндіру ісінің жаңғыртылатындығымен байланысты болатындығын жеткізді.   

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика