Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қостанай облысында 2014 жылы «ЖҚЖК - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 5,2 млрд. теңге бөлінді

Қостанай облысында 2014 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 5,2 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлады облыс әкімі Нұралы Садуақасов.
Қостанай26 Ақпан , 08:34

Жұмысқа орналастырылған тұлғалардың саны (тұрақты және уақытша жұмыс орындарына)2013 жылғы 10 мыңнан  2014 жылы 17 мыңға дейін артты. Жыл сайын еңбек нарығында қажет етілетін мамандықтар бойынша  мыңға жуық адам кәсіптік  оқытудан өтеді, 5 мыңға жуық жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға қатысады.

Әкімнің мәліметі бойынша, Жұмыспен қамту жол картасының шеңберінде  2011 жылдан бастап ауылдарда 1,9 млрд. теңге сомасына 1023 шағын несие  берілді. Тек,  2014 жылы 915 млн. теңге сомасына  460 шағын несие бөлінді.                   

Алушылардың  неғұрлым көп саны Жітіқара ауданында   -103 адам, Меңдіқарада - 97адам,  Таранда - 84 адам және Науырзым ауданында - 78 адам.

«Сондықтан жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету  үшін бар күш-жігер салынады. Сонымен қатар көп нәрселер азаматтардың белсенді ұстанымдарына байланысты», - деді әкім халықпен есепті кездесуде. 




Яндекс.Метрика