Адами капитал

2015 жылы ҚР Қарулы күштер қатарын 30 мыңнан астам қазақстандық толықтырады

Қазақстанда 2015 жылы мерзімді әскери қызметке барлығы 30 мыңнан астам қазақстандық шақырылады деп жоспарлануда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан25 Ақпан , 14:03

Аталып өткендей, көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны барысында (2015 жылғы сәуір-маусым) қазақстан армиясына әскерге шақыруды кейінге қалдыруға және әскерден босатылуға құқығы жоқ 15 мыңға жуық әскерге шақыру жасындағы жасөспірім әскер қатарына шақырылады.

Әскери бөлімдерді аймақтан тыс жасақтау ұстанымы бойынша жүзеге асырылады, яғни әскери қызметші өз облысынан басқа аймақта қызмет өткереді.
 

«ҚР Қорғаныс министрлігі әскерге шақырған жас буынды облыстық жинау пунктерінен жөнелтер алдында әскери киіммен қамтамасыз етеді және әскери қызметін атқаратын әскери бөлім өкілдері олармен әңгімелесу жүргізеді», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, еліміздің барлық өңірлерінде әскерге жөнелтер алдында салтанатты шығарып салу рәсімдері өтіп, оларға облыс (қала, аудан) әкімдері мен әскер қатарына шақырылушылардың ата-аналары, ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, жергілікті және Ауған соғыстарына қатысқан жауынгерлер шақырылады.

Елдің барлық аймақтарында әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру және жүргізумен жергілікті атқару органдары (әкімдіктер) және жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) айналысады. 

Айта кетерлік жайт, 2014 жылы ҚР Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы 25 мың ер азамат шақырылғанын.




Яндекс.Метрика