Өңірлер

Қостанай облысында 2014 жылы кәсіпкерлердің саны 44 мыңға дейін артты

Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету аясында Қостанай облысында 2014 жылы кәсіпкерлердің саны 44 мыңға дейін артты.
Қостанай25 Ақпан , 12:25

«Ел Президенті «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» халқына Жолдауында «экономикалық өсу драйвері ретінде» шағын және орта бизнесті дамыту  және еліміздің жалпы ішкі өніміндегі оның үлесін ұлғайту жөнінде міндеттер қойды. Сондықтан бізге мемлекеттік қолдау шараларын толығымен пайдалана отырып, одан әрі кәсіпкерлікті тиімді дамыту қажет», - деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов халықпен есепті кездесуде.

Сонымен, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 10 мыңнан аса істеп тұрған жұмыс орны сақталды және 2 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды.

Жылдан жылға біздің өңір үшін республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат сомасы (2011 – 1,3 млрд. теңге, 2012 жылы – 1,4 млрд. теңге, 2013 жылы – 2,1 млрд. теңге, 2014 жылы – 2,7 млрд. теңге)артып келеді.

Облыста бес жыл ішінде бағдарлама бойынша  субсидиялауға және кепілдендіруге400 жоба мақұлданған, оның ішінде 2014 жылы – 152.

Ең көп үлесті өңдеуші өнеркәсіптер,көлік және жинақтау, автомобильдер мен мотоциклдер жөндеу құрайды.

Гранттық қаржыландыру 62,3 млн. теңге сомасына кәсібін жаңадан бастаған 32кәсіпкерге, оның ішінде 2014 жылы – 18 млн. теңге сомасында 12 кәсіпкерге берілді.

Кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдаудан басқа «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағыты бойынша оларды сервистік қолдау жағынан жұмыс жүргізіледі. Қаржылық емес қолдау көрсету бағдарламасын іске асырудан бастап 7 мың, оның ішінде 2014 жылы 2,5 мың шамасында кәсіпкер қамтылған.

Шағын және орта бизнесті қолдаудың жиынтығы олардың санын 2010 жылы 33-тен2014 жылы 44-ке дейін көбейтуге мүмкіндік берді.

Осы секторда жұмыс істейтіндердің саны бір жылда 2,7% артты және экономикалық белсенді халықтың 30%-ынқұрады  (159,9 мың адам немесе облыс халқы санының 18,1%). Шағын және орта бизнес субъектілерінің тауар шығару, жұмыс және қызметтері  6,3%артты (321,7 млрд. тенге).




Яндекс.Метрика