Басқару

Қазақстан арқылы өтетін халықаралық тасымал көлемі 91 миллиард текше метрді құрады - Ұ.Қарабалин

2014 жылдың 12 айында Қазақстан арқылы өткен тасымал көлемі 91 миллиард текше метрден асты. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде Энергетика министрінің орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 11:07

«Жедел мәліметтер бойынша, елден сыртқа тасымалданатын экспорт көлемі 12 айда 11 миллиард текше метрді, Қазақстан арқылы тасымалданатын тасымал көлемі 91,4 текше метрді құрады. Оның ішінде 49,4 миллиард текше метрі Ресейге, 38,4 милларды Түркіменстанға, 3,6 миллиард текше метрі өзбекстандықтарға тиесілі»,-деді вице-министр.

Сондай-ақ оның айтуынша, 2014 жылы Қазақстанда газ өндіру 43,2 миллиард текше метрді құрады. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 102,2 пайызды құрайды. «2014 жыл бойына еліміздің аймақтары тұтынған газ көлемі 12,5 милллиард текше метрге жетті. Бұл 2013 жылдың көрсеткіштермен салыстырғанда 113,9 пайыз болып отыр»,-деді Ұ.Қарабалин.

Бұған қоса, ол сөзінде Қазақстанда 20,5 миллион тонна майлы көмірқышқыл газы игерілгендігін, бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 100,7 пайыз болғандығын  атап өтті. 

Вице-министрдің айтуынша, жер қойнауын пайдалану кезінде өндіріс қалдықтарын пайдалану (утилизациялау) бағдарламасы бойынша жағылған газ көлемі 0,8 миллиард текше метрді құраған. Болашақта бұл көлем 15 пайызға дейін тағы қысқартылады. 




Яндекс.Метрика