Адами капитал

ҰОС Жеңісінің құрметіне Алматыда «70 жұлдызды күн» акциясы өтуде

Алматы облысында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің құрметіне «70 жұлдызды күн» акциясы өтуде, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы25 Ақпан , 15:22

Әкімдіктің хабарлауынша, «70 жұлдызды күн» акциясы аясында Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы жеңіске, мың тағзым» концерт өтті. Оған аймақтың ардагерлері  шақырылды.

Мерекелік концерт барысында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінің сахнасынан әскери жылдарда танымал болған әндер шырқалды және әскери оркестр мен би ұжымдары өнер көрсетті.

Сонымен қатар, Мәдениет үйінің кіреберісінде көрме өтті, онда Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар мен әкери әбзелдер және амунициялар қойылды. 




Яндекс.Метрика