Инвестициялар

Қостанай облысында 2014 жылы инвестиция көлемі 10 млрд теңгеге өсті – әкім

Қостанай облысында бір жыл ішінде инвестиция көлемі 10,5 млрд теңгеге ұлғайды, деп мәлімдеді облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов тұрғындар алдында есептік кездесуінде.
Қостанай25 Ақпан , 15:06

"Қостанай облысы бұрынғысынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қоса отырып,  Қазақстанның негізгі агроөнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып қалып отыр. Сондықтан, өңірдің экономикасын сөз еткенде, біз әрине, аграрлық секторға назар аударамыз", - деді облыс әкімі. 

Экономиканың дамуының болашақ әлеуетін айқындайтын негізгі капиталға шамамен 191 млрд. теңге инвестиция салынды.

Тек біздің облыс бойынша шикізаттық экспорттың үлесі бір жылда экспорттың жалпы мөлшерінде 3% артты және 22,4% (қаңтар-қарашадағы деректер – 353,3 млн. АҚШ доллары) құрады.Дайын азық-түлік тауарларының эскпорты 6,7% -өсті (227 млн. АҚШ доллары).

«Біз ұнды 8,4%, кондитер өнімдерін – 2,8%, көбірек экспорттай бастадық, сүт және сүт өнімдерін, газдалған сусындарды шығаруды екі есеге арттырдық, етті және ет өнімдерін 3,3 есеге, жарма – 6 есеге өсті», - деді ол.

Мәселен, облыста қазан айында министрліктер мен ведомстволар өкілдерінің, Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелерінің, кәсіпорындар басшыларының, Ресей, Беларусия, Қырғызстан және Қазақстанның ғылыми орталары мен бизнес-қауымдастықтарының қатысуымен Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағындағы бәсекелестік мәселелері бойынша екі ірі халықаралық конференция өткізілді.




Яндекс.Метрика