Ұлтаралық бірлік

ҚИнЭУ студенттері «Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылы» мерекесін өткізді

ҚИнЭУ қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.
Қостанай25 Ақпан , 16:08

«20 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша этникааралық қарым-қатынастар институты - Қазақстан халқы Ассамблеясын құрылды. Ал 2014 жылы ҚХА 20 жылдығы қарсанында Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде аймақта бірінші, республика бойынша үшінші Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы ашылды. Оның мақсаты толеранттілік пен этникааралық қарым-қатынастарын қалыптастыру болып табылады. 2015 жыл ҚР Президенті Жарлығымен Ассамблея жылы болып жарияланды, бұл кезең бейбітшілік, келісім және бірлік мерекесі. 6 ақпанда республикада барлық аймақтарда ҚХА жылын атап өтуі бастау алды және соған байланысты облыстық орталығының тың игерушілер алаңында «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастау алуы» синхрон-акциясы өтті. Оған біздің студенттер мен оқытушылар да белсене қатысты» - деді университет ректоры С.Есмұратов.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы – бұл ұлттық тарихымыздың жоғарғы деңгейге жету жылы: Қазақ хандығының 550-жылдығы, Конституцияның 20-жылдығы, Ұлы жеңістің 70-жылдығы. Бұл біздің негізгі тарихи белестеріміз, оның негізінде ұлттық бірлік сақталуда.

Министрлік хабарлағандай, іс-шараның өзіндік бір ерекшелігі – шақырылған Қостанай облысының этно-мәдени бірлестіктер ұжымдарының орындаулары, олар Қазақстанның кореялықтар бірлестігінің облыстық филиалы, «Дуслык» татар-башқұрт ұлттық-мәдени бірлестігі. Барлығымызды, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан ұлттарды «Біз – Қазақстан халқымыз!» ұраны біріктіреді.

 




Яндекс.Метрика