ҚР ИИДМБ

Қазақстанда жасалған: Қазақстандағы құбыр зауыты жылына 500 км құбыр шығарады (Фото)

«Қазақстан құбыр зауыты» ЖШС жылына 500 километр құбыр шығарады. Бұл туралы Strategy2050 ақпарат агенттігінің тілшісіне «КТЗ» ЖШС-нің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы хабарлады.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 11:19

,

Бүгінде құбыр шығаратын кәсіпорынның қуаты жылына 500 километр құбыр мен 25 мың фасон бұйымдарын құрайды. Аталмыш компанияның жоспарында осы уақытта өзі шығаратын тауарлардың санын арттырып, олардың өзіндік құнын керісінше түсіру болып отыр. «Қазақстандық құбыр зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында 2005 жылы салынған. 

Кәсіпорын жылу, су желілері мен газ және мұнай құбырлары сияқты жұмыс істеп тұрған жүйелерді жаңғырту  немесе жаңадан салынуы керек жүйелер бойынша тисті шешімдер қабылдауға мамандандырылған.  

Бұл бүгіні таңда диаметрі 1020 мм болатын жылу жүйелеріне қажетті  сырты қапталған құбырлар мен фасон бұйымдарын шығаратын Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Сонымен қатар кәсіпорын мұнай құбырлары мен азық-түлік құбырлары үшін де сырты қапталған құбырлар шығаруға бейімделген нысан.

Естеріңізге сала кетейік,  «КТЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының реестрінде тұрған Қазақстан Республикасының СТ РК ИСО 9001-2009 (ISO9001:2008), сәйкестілік сертификаты мен сапа менеджменті жөніндегі CT-KZ сертификаты бар отандық өнім өндіруші болып есептеледі.   

«Қазақстандық құбыр зауыты» ЖШС-нің өнімдерін пайдалана отырып құрылыс немесе қайта құру жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындар:    

1) Ду 1000 насос стансасы бар ТМ ТЭЦ-2-ТЭЦ-1 жалғаушы құрылысының ұзындығы 20,8 километр;

2) Ұзындығы 3,5 километр болатын М-13 Ду жылу магистралін қайта жөндеу;

3) Ұзындығы 7,5 киломтер болатын ТЭЦ-2 ден Ду 1 павильонына дейінгі III учаскені іске қосу;

4)Қызылорда облысындағы Нұралы кенішін абаттандыру. «Скин Эффект» жылыту құрылғысы бар жерсеріктік құбырларды орнату арқылы ұзындығы 24 км, 0219*6 болатын мұнай құбырын орнату; 

5) Ұзындығы 7,5 киломтер болатын ПЭ Ду 800 Эскулинск су жібергішін (водовод) салу;

Сонымен қатар, кәсіпорын Қазақстан, Ресей, Германия мемлекеттерінің өкілетті органдарында сертификатталған әрі сынақтан сәтті өткен желу желісінің құбырларын салу кезінде құбырларды жалғастыратын құралдарды қаптайтын муфтының барлық түрлерін шығарады.

Камила Амирова 

Суроеттерді ұсынған "Қазақстан құбыр зауыты" ЖШС 

 




Яндекс.Метрика