Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қызылорда облысында ЖҚЖК аясында 2015 жылы 9500 жұмыс орнын ашу жоспарланған

Қызылорда облысында ЖҚЖК аясында 2015 жылы 9500 жұмыс орнын ашу жоспарланған, деді бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева мәлімдеді.
Қызылорда25 Ақпан , 15:38

Жыл басынан бері облыс әкімдігі, облыстық кәсіподақ аймақтың 6 кәсіпорнымен жұмыс орындарын сақтау және өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Мұндай меморандумдар саны қазірде 1214-ке жетіп, 69635 адамды құрады. Оның ішінде 84-і ірі, 1130-ы орта және шағын кәсіпорындар. Жарты миллионнан астам қызметшілер ұжымдық шартпен қамтамасыз етілген, бұл кәсіпорындардың жалпы санының 86,4 пайызын құрайды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Бүгінгі күні орын алып отырған экономикадағы күрделі жағдайларға қарамастан әлеуметтік саладағы реформаларды қаржыландыру қысқартылмайды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы жалғасын табатын болады. Аймақта үстіміздегі жылы 9500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 1 ақпанға дейінгі мәліметке сәйкес 725 жаңа, тұрақты жұмыс орындары ашылған. Оған 2015 жылғы бюджетте 1 276, 7 млн қаржы қаралды. Облыс бойынша «Гепатит В, С» қосалқы диагнозы нақтыланып қойылған «Жедел лейкоз», «Апластикалық анемия» ауруларына қосалқы тағайындалған дәрі-дәрмектерді сатып алулары үшін әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен 6151 мың теңге қаражат бөлініп отыр», - дейді Ж.Жылқышиева.

 




Яндекс.Метрика