Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Словакияның парламентаралық қарым-қатынасының әлеуеті талқыланды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Мемлекет басшысының арнайы уәкілі ретінде Словак Республикасына сапармен барды.
Әлемде 25 Ақпан, 10:26

«Сапар мақсаты – 2017-2018 жж. Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету, сондай-ақ екі ел арасындағы парламентаралық өзара әрекеттестіктің қазіргі жағдайы мен болашағын талқылау», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

СР Президенті Әкімшілігінің басшысымен болған сұхбат барысында Қ. Сұлтанов Словак Республикасының Президенті Андрей Кисканың (Andrej Kiska) атына 2016 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауында Қазақстанның ұсынымын қолдау жөніндегі ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жолдауын табыс етті. Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың саяси және экономикалық салаларда даму болашағын талқыға салды.

Сапар шеңберінде Қ. Сұлтанов СР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ян Шотпен (Ján Šoth), СР Ұлттық Кеңесі төрағасының орынбасары Мирослав Чижбен (Miroslav Číž) және «Словакия – Қазақстан, Беларусь, Молдова, Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия» Парламенттік достық тобының басшысы Роберт Мадеймен (Róbert Madej) кездесулері болып өтті.

Қазақстандық депутат заң шығару орындарының өкілдерімен кездесуінде өзара әріптестікті жылжытуда негізгі құралдар болып табылатын парламенттік комитеттер және достық топтар арқылы парламентаралық сұхбатты жандандыру маңыздылығы атап өтті.

 





Яндекс.Метрика