Қалаларға шоғырлану

Ә.Жақсыбеков елорда бюджетіне түсетін кіріс мөлшерін көбейтуді тапсырды

Қалалық әкімдікте мемлекеттік кірісті ұлғайту мен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша 2015-2016 жылдарға арналған шаралар жоспары таныстырылды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 10:11

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың басшылығымен өткен жиналыста экономика, мемлекеттік сатып алу тәртібі, еңбек мигранттарын тіркеу мен сол бойынша мониторинг жүргізу бағыттарындағы көлеңкелі өндірісті азайту мәселесі талқыланды.

Жиын барысында қала әкімі елорда өміріндегі басым бағыттың бірі ретінде қалалық бюджетке түсетін кіріс көлемнің артуын атады. Бұл салада жұмыс атқарып, салық пен кеден және экономикалық тергеу қызметтерін біріктірген негізгі орган болып Мемлекеттік кіріс департаменті табылатынын да тілге тиек етті.

«Менің бұйрығыммен Мемлекеттік кіріс департаменті бюджетке түсетін кірістің ұлғаюын қамтамасыз ететін жоспар әзірледі және аталмыш жоспар барлық мүдделі тараптармен бекітілді. Сонымен қатар, 2015 жылға арналған Астана қаласындағы көлеңкелі экономикамен күрес бойынша да шаралар жоспарын жасауды да тапсырғамын. Кәсіпкерлер өздерінің халық және мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін түсінуі керек», - деді қала әкімі.

Аталмыш жоспарларды жиын барысында Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Әбілқайыр Сқақов пен Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нүрпейісов таныстырды.

Көлеңкелі экономика туралы айта келіп, Әділбек Жақсыбеков бірқатар түйткілді сұрақтарға тоқталды. Еңбекақысын төлеу қоры бойынша кемшіліктер бар. Бұл бағытта әкім құзіретті органдарға жұмыс берушілермен еңбек заңын сақтау бойынша тиісті шараларды өткізуді тапсырды. Тағы бір шешілмеген сұрақтар қатарында мемлекеттік сатып алу жүйесі де аталды.

«Мемлекеттік сатып алулар жүйесіне қоғам мен мемлекеттік органдар тарапынан әрдайым ескертпелер түседі. Бір күндік компаниялар мен жалған кәсіпорындардың шотынан милиардтаған бюджеттік қаржылар ағып кетуде. Жергілікті бюджетке салық ретінде кіріс енгізу шығынға сай емес. Бюджеттік қаржыны игеруді мемлекеттік сатып алулар мен келісімшарттардың орындалуын қадағалау арқылы оңтайландыру қажет», - деді қала басшысы.

Елорданың тартымдылығын сөз ете отырып Әділбек Жақсыбеков бұл салада да кемшіліктердің жоқ еместігіне тоқталды, солардың нәтижесінде экспорттық потенциал  толыққанды пайдаланылмайды және сыртқы нарыққа шығу жолдары жоқ.

Сондай-ақ, жиналыс барысында қала бюджетіне еңбек мигранттары тарапынан түсетін кірістұстары туралы 25% ғана ресми түрде тіркелетінін атап өтуге болады. Бұл бағытта елорда әкісі құзіретті органдарға тіркке мен мониторинг саласындағы жұмыстарды қалыпқа келтіруді тапсырды.

Қала басшысы жылжымайтын мүлік пен тұрғын үйлерді бағалау мәселесіне де жіті назар аударды.

«Тұрғын үйлерді тіркеу мен тапсыру арасындағы алшақтық үлкен мәселенің бар екенін білдіреді. Мұның мән-жайын анықтау керек. МСҚБ, тұрғын үй инспекциясы, сәлет және қала құрылысы басқармаларына пайдалануға берілмеген тұрғын алаптарда ревизия өтізу бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деп бұйырды қала әкімі.

Жиын соңында Әділбек Жақсыбеков мемлекет қызметінің басты мақсаттарының бірі салқ базасын күшейту болып табылатынын атап өтті.

«Ұсынылған шаралар жоспары бекітілгеннен кейін барлығы да оның жүзеге асуына белсене қатысады деп сенемін. Бюджетке түскен кіріс – соның дәлелі болу керек», - деп түйіндеді сөзін қала басшысы.

 




Яндекс.Метрика