Өңірлер

Шығыс Қазақстан облысында 37 тауарлы сүт фермасы салынып, қайта жаңғыртылатын болады

Шығыс Қазақстан облысында 37 тауарлы сүт фермалары салынып, кейбірі жаңғыртылады. Аталмыш нысандарда бүгінгі таңда 13 мыңға жуық сауын сиыр бар. Жобалардың құны 10 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан25 Ақпан , 09:53

Соңғы мәліметтерге қарағанда, инвестициялық жобалар негізінен шаруашылық иелерінің өздерінің қаржыларына салынатын болады. Айталық  7 шаруашылық жобаларын өздерінің қаржыларына салатын болса, 2 нысанның қаржыландырылуы екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ  «ФФП СХ» акционерлік қоғамы арқылы 6 шаруашылық, «Востокмолоко» ЖШС арқылы бір нысан, «АКК» акционерлік қоғамы арқылы 1 нысан, «ҚазАгроқаржы» акционерлік қоғамы арқылы 20 нысан қаржыландырылады. «Алдын ала мәліметтер бойынша, «ҚазАгроқаржы» акционерлік қоғамынан жобаларды жүзеге асыруға бөлінетін қаржы көлемі 5 миллиард 113 миллион теңгені құрап отыр», - деді Шығыс Қазақстан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дүйсенбай Селиханов.

Осы уақытта «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының өкілдері өздері қаржыландыратын 3 нысанның құжаттарын қарауда. Олар: Көкпекті ауданындағы «Өрнек» ЖШС-і, Бесқарағай ауданындағы «Балке» шаруа қожалығы және Ұлан ауданындағы «Қайрат» шаруа қожалығы. Ал 17 нысан бойынша арнайы кеңес беру жұмыстары жүргізіліп, құжаттары қарау және толықтыру шаралары жүріп жатыр. 

Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісінің айтуынша, осы уақытта барлық қаржыландырылуы тиіс нысандардың бизнес-жоспарлары дайын. Атап айтқанда, «Востокагропромпроект» ЖШС-нің өкілдері 100,200, 400 және 600 бас мал ұстайтын сүт-тауарлы фермалары құрылысының жоба-сметалық құжаттарын дайындауда. Бұл құжаттарға  мемлекеттік сараптама жүргізіліп, олар 2015 жылдың 1-ші мамырында толық дайын болады деп күтілуде. «Бүгінгі таңда жобаның шамамен 46 пайызы дайын», -деп мәлімдеді Д.Селиханов.       




Яндекс.Метрика