Үкімет

ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметіне И.Сартаев тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Исатай Бақтиярұлы Сартаев Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан24 Ақпан , 20:55

Сондай-ақ, Елбасының Өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Дина Мэлсқызы Шәженова Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

 




Яндекс.Метрика