Үкімет

Астанада Е.Бекмахановтың 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық конференция өтті

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» ДП парламенттік фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков бірінші тарих ғылымының докторы, республикадағы алғашқы тарих кафедрасының негізін салушы, професссор, Қазақ ССР-нің Ғылым Академиясының корреспондент- мүшесі Ермұхан Бекмахановтың 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми – теориялық конференцияға қатысып, сөз сөйледі.
Нұр-Сұлтан24 Ақпан , 19:07

Мәжіліс хабарлағандай,мәжілістік жиында  Нұрлан Жазылбеков  академик Е. Бекмахановтың  Қазақстан тарихы дамуына қосқан баға жетпес ғылыми үлесін,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  «Ақ жол» Демократиялық партиясының Қазақстан тарихының дамуы мен зерттелуі, сонау Қазақ хандығынан бүгінге дейінгі аралықты зерттеудегі  екі жақтың маңыздылығын атап өтті.

Е. Бекмахановтың 100 жылдық мерейтойына орай  «Ақ жол» партиясы атынан студенттерге  степендиялар табысталды.

Конференцияны  «Ақ жол» Демократиялық Партиясының Алматы қалалық филиалы әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Қазақстан тарихы, археология және этнология кафедраларымен бірлесе отырып өткізді.

Аталған жиынға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, профессор Мұтанов Ғ. М, жазушы Медеу Сәрсеке, ғалым профессордың жары Бекмухамедова Х.А., қоғам қайраткерлері соның ішінде өзінің артынан ерген шәкірттері – Тұрлығұлов Т.Т, Жұматов Г.Ж., Асылбеков М.Х., Қаратаев Т.К, Мәжитов С қатысты.

Конференция бағдарламасы бойынша мәжіліс отырысында:«Е. Бекмахановтың  еңбектеріндегі Қазақ хандығының мәселелері», «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтар »,  «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ролі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылыми комитетінің  ғылыми жұмыстарды жүзеге асыруындағы тарих, археология және этнологияның алар орны » тақырыптарын қарастырды.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика