Ұлтаралық бірлік

Өскеменде «ҚХА - 20 ізгі іс» эстафетасы мен достық нышанына айналған «Тайқазан» күтіп алынды (ФОТО)

Өскеменде «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» эстафетасы мен достық нышанына айналған «Тайқазанды» күтіп алды, В Усть-Каменогорске встретили символ эстафеты «АНК - 20 добрых дел» «Тайказан», деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 25 Ақпан, 08:51

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» эстафетасы мен достық нышанына айналған «Тайқазанды» шығысқазақстандықтар Өскемен қаласына кіре берістегі Қабанбай батыр ескерткішінің алдында күтіп алды. Қазақстан Республикасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының туын желбіреткен автокөліктер легі қала ішін аралай жүріп, эстафета символды автокөлікті Республика алаңындағы Абай ескерткішінің алдында жеткізді.

Эстафетаны қабылдау рәсіміне облыс әкімдігі мен ҚХА, әр этностың ұлттық киімін киген этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты. Тайқазанды Хакімнің ескерткішінің алдына «батырлар» көтеріп алып келді. Республика алаңында қазақ күйлері шертіліп, ақ кимешекті әжелер шашу шашты. Салтанатты рәсімнен кейін «Subaru club ukg» автокөліктерінің легі ардагерлер мен көмекке зәру адамдардың үйлеріне материалдық көмек көрсетуге аттанды.

«Осы уақытқа дейін Павлодар облысынан шығып, Бесқарағай ауданы және Семей қаласы арқылы келген «Тайқазан» Шығыс Қазақстанда 27 ақпанға дейін болады. 27 ақпанда біздің өңірімізге Алматы облысының өкілдері келеді. Эстафета Қазақстан халқы Ассамблеясының 22 сессиясы өткен күні аяқталмақ. Аймағымызда «Қазақстан халқы Ассамблясының - 20 ізгі ісі» ардагерлер мен зәру адамдардың арнайы үйіне барып көмек көрсетуге бағытталмақ», - деді ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев.





Яндекс.Метрика