Парламент

Д.Назарбаева: Бюджет туралы заң жобасының негізінде экономикалық прагматизм мен әлеуметтік жауапкершілік жатыр

«Астанада Парламент Мәжілісінің вице-спикері, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаеваның басшылығымен фракцияның отырысы өтті.
Нұр-Сұлтан24 Ақпан , 17:31

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыста «Қазақстан Республикасының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралған. Жиынға сондай-ақ  Параламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сайланған депутаттары мен Президент әкімшілігінің өкілдері, Үкімет мүшелері қатысты.   

Фракция жетекшісі Дариға Назарбаева бюджет туралы заң жобасының негізінде экономикалық прагматизм мен әлеуметтік жауапкершілік жатқандығын айтты.

Заң жобасын талқылауға Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Яковлева, Экономикалық реформа мен аймақтық даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Айымбетов, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Төлеген Ибраев, Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан депутат болып сайланған Егор Каппель қатысты. Олар өздерінің сөздерінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде айлық жалақының, зейнетақы мен жәрдемақылардың қысқартылмай сол қалпында қалғандығын атап өтті. 

Мәжілістің қорытындысы бой   ынша оған қатысушылар Үкіметтің ел бюджетіне қатысты заң жобасын қолдау қажет деп шешті.  




Яндекс.Метрика