«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

5 жыл ішінде 1 483 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салу жоспарланған – «Бәйтерек» холдингі

«Бәйтерек» холдингі мен ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік тұрғын-үйді жалға беру/құрылысты қаржыландару шарттарын талқылады.
Нұр-Сұлтан25 Ақпан , 09:19

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы өкілдері бас қосқан дөңгелек үстел тақырыбы тұрғын-үй инфрақұрылымын нығайту бағытындағы Өңірлерді дамыту - 2020 бағдарламасын жүзеге асыруға арналды, деп хабарлады Ұлттық холдинг.   

Өңірлерді дамыту – 2020 бағдарламасының жүзеге асуы барысында,  5 жыл ішінде орташа есеппен 29 мың пәтерді құрайтын  1 483 мың ш/м тең жалға берілетін тұрғын-үй салу жоспарланған.

«Жалға берілетін әлеуметтік тұрғын-үйді бөлу барысында басымдық көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларына, жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге және арнайы мемлекеттік орган қызметкерлеріне, оралмандарға беріледі. Бұл жерде, тұрғын үйлердің 50 %-ы 3 жылдан кем емес некеде тұратын әрі баласы (нәрестесі) бар жергілікті басқару органдарында кезекте тұрғандар бойынша бөлінеді. Жұбайлардың жасы 35-ке толмаған болуы шарт. Сонымен қатар, бөлінген қаржының қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында барлық үміткерлердің төлем-ақы төлеу қабілеті есепке алынатын болады», - делінген хабарламада.

Мәселен, Астана мен Алматы қалаларында көлемі 50 ш/м құрайтын 2 бөлмелі пәтердің жалдық құны 56 мың теңгеден аспайтын болады. Ал қалған өңірлерде 47 мың теңгеден аспайды.

Жалпы 2015 жылы Бағдарламаға сәйкес, 9 740 пәтер немесе 487 мың ш/мкөлемінде  жалға берілетін тұрғын-үйді салу және алу жоспарланған.

 




Яндекс.Метрика