Парламент

Сенаттың вице-спикері Қ.Ищанов Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хұралының мүшесімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хұралының мүшесі, Моңғолия-Қазақстан парламенттік тобының жетекшісі А.Тілейханмен кездесті.
Нұр-Сұлтан24 Ақпан , 19:41

Мейманмен кездесуде Қ.Ищанов А.Тілейханның біздің елімізге сапары Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті.

Кездесу барасында төраға орынбасары Сенаттың заң шығару қызметі және парламентаралық үнқатысуды белсенді жүргізу жайын айтты.

Халықаралық күн тәртібін талқылай келіп, Қ.Ищанов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасына Улан-Батордың қолдауына сенім білдірді және моңғол компанияларын Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.

Сенат Төрағасының орынбасары сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне әзірлік туралы А.Тілейханды хабардар етіп, діни форумға тұрақты қатысып келе жатқаны үшін моңғол жағына ризашылығын білдірді. «Өткен төрт форум діндер мен өркениеттер арасындағы үнқатысуды ілгерілетуге ықпал етті. Съезд діндер мен мәдениеттер арасындағы қайшылықтар тек ынтымақтастық пен өзара сенім арқылы еңсерудің нақты көрінісі болды», - деді Қ.Ищанов.

Кездесуге сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы, Бақтыбай Шелпеков және Мәжіліс депутаты Асхат Бекенов қатысты.

 




Яндекс.Метрика