Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанның ет-сүт одағы ҚХА-ның ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу бастамасын қолдады

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу туралы бастамаға Басқарма төрағасы Қайрат Оспанов бастаған Қазақстанның ет-сүт өнімдері одағы қолдау білдірді.
Нұр-Сұлтан24 Ақпан , 16:39

«Біздің қауымдастық ет пен сүт өнімдері өнірісі саласында жұмыс істейтін компаниялардың қызметін реттейді. Мемлекет басшысы «Нұрлы жол  Болашаққа бастар жол» дағдарысқа қарсы бағдарламасында АӨК және ауылда ШОБ дамытуға қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті. Біз бүгінгі тұрақсыз экономикалық жағдайды Ұлт көшбасшысының басшылығымен бірге еңсере алатынымызға сенімдімін», - деді «Зинченко и К» директоры Геннадий Зинченко.

Сонымен қатар, одақ өкілдері өз үндеулерінде аталмыш ұсынысқа қолдау көрсетуге және осы бағытта бар күшін салуға шақырды.

«Біз барша Қазақстан халқын аталмыш бастамаға қолдау көрсетуге және ШОБ  Елбасының саяси бағытын жүзеге асыруға атсалысуға шақырамыз, кезектен тыс президенттік сайлауды өткізуді қолдаңыздар», - деді Ет-сүт өнімдері одағының төрағасы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика