Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан мен Моңғолия арасындағы парламентаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін Парламент Мәжілісінің вице-спикері Сергей Дьяченко Парламентте Моңғолияның Ұлы Мемлекеттің Хуралының делегациясын қарсы алды.
Нұр-Сұлтан24 Ақпан , 16:59

«Тараптар кездесу барысында парламентаралық дипломатия мен екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың жайын талқылады. Онда Қазақстан мен Моңғолия өкілдері екі елдің ынтымақтастыққа ұмтылысына негіз болатын басты құжат - 1993 жылдың қазан айында қол қойылған  мемлекеттер арасындағы достық қатынас туралы келісім екендігін атап өтті»,- деп хабарлайды Парламенттің баспасөз қызметі.

Парламент өкілдерінің айтуларынша, екі елдің қарым-қатынастары үлкен мүмкіндіктерге ие. Олардың ішінде әсіресе ауыл шаруашылығы мен көлік-тасымал салаларын ерекше атап өтуге болады.   Жүздесуде  Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары С.Дьяченко Қазақстанның  экономикалық дамуының басым бағыттарымен және еліміздің заң шығарушы органының жұмысымен таныстырды. Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалаған Моңғолияның парламенттік делегациясының жетекшісі А.Тлейхан Қазақстанның экономикалық жетістіктерінің зор екендігін әрі елдің ішкі саяси жағдайы мен тұрақтылығынада қызыға қарайтындығын атап өтті.

«Қазақстан Моңғолияның  сыртқы саясатында маңызды орынға ие. Сондай-ақ біздің Парламент ұзақ уақыттан бері жалғасын тауып келе жатқан достық қатынастарды бірте-бірте жетілдіре беруді мақсат етіп отыр»,-деді А.Тлейхан.

Кездесу барысында тараптар парламентаралық байланыстардың мықты болғандығы маңызды екендігін атап өтті.        




Яндекс.Метрика