Өңірлер

Қазақстанның азық-түлік нарығын сапалы ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз ету керек - Өксікбаев

Қазақстанның азық-түлік нарығын сапалы ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз ету керек. Бұл туралы ҚР ҰКП агроөндірістік кешен комитеті хатшылығы хатшысының орынбасары Мырзахмет Өксікбаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Нұр-Сұлтан24 Ақпан , 16:28

«Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында нақты экономикалық шаралар қабылдау, оның ішінде АӨК саласындада шаралар қабылдау тапсырылды. Мемлекет басшысы бүгінгі экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу экономиканың баста саласы екенін атап өтті. Кәсіпкерлер тарапынан айтарым  өзіміздің азық түлік нарығын сапалы ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз ету керек», - деп мәлімдеді М. Өксікбаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Мемлекет басшысы «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялау көлемін арттыруды қолдады.

Осылайша мақта өнідірісіндегі проблемалар оңтайлы шешілді.

«Сонымен қатар, айыппұл санкциялары бойынша пайыздық үстемақы төмендетілді, 2015 жылдың көктемгі егін егу науқаны талқыланды. Сонымен 2015 жылы көктемгі егін егу науқанына 93 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 60 млрд теңге бюджет қаржысы», - деп жалғастырды ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика