Адами капитал

СҚО-ға 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі жетті

Солтүстікқазақстандықтарға 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі тапсырылды, деп хабарлады ҚР ІІМ.
Солтүстік Қазақстан24 Ақпан , 18:37

ҚР ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Біз - Жеңістің ұпағы» акциясының эстафетасына СҚО ІІД қызметкерлері қатысты.

72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесін Петропавл қаласына Көкшетау қаласының 55/10 скери бөлімшесінің қызметкерлері әкелді. СҚО-да ол екі күн болады. Акция Қазақстан қалалары бойынша 3 ақпан күні басталған болатын. Бірінші  - Қарағанды. Сол жерден дивизия әскерилері соғысқа аттанған болатын. Астана, Теміртау, Көкшетау артта қалды. Бүгін ақмолалықтар эстафетаны солтүстікқазақстандықтарға тапсырды.

«Жаяуды көрсе атын беретін, адасқанды көрсе төрін беретін, ашыққанды көрсе алдындағы асын беретін» аттың жалында, түйенің қомында жүрген қазақ халқы ежелден адамдарды дінге, ділге, ұлтқа бөліп алаламай, барлығын «жақыным» деп бауырына тартқан.

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген сөзді терең ұғынып, «Бірлік» қана барлық қиындықтар мен ауыр кезеңдерді жеңіп шығар ұлы күш деп білген.  

Адамзат тарихындағы ең алапат соғыстың, қанды қырғынның аяқталғанына биыл 70 жыл толады. Бұл мереке – Отанын қорғаған от кешкен ерлеріміздің айбынын асқақтатар, бейбітшілік пен азаттықтың, мәңгі жасампаздықтың айғағы болар, тарихта да, адамдардың жүрегінде де өшпестей із қалдырған айрықша дата.  

 




Яндекс.Метрика