Ұлттың денсаулығы

Ақмола облысының командасы жекпе-жектен өткен ҚР чемпионатында 2 алтын медаль жеңіп алды

Ақмола облысының командасы жекпе-жектен өткен ел чемпионатында 2 алтын мен 3 күміс медаль жеңіп алды.
Ақмола 24 Ақпан, 20:24

 «Ақмола Медиа Орталығының» хабарлауынша, 55 келіге дейінгі әйелдер арасында  Роза Искаренова үздік шығып алтын медаль жеңіп алды. Ал 60 келіге дейінгі салмақта Любов Еремышкина алдына жан салмады. Дәурен Назараов 55 келіге дейінгі ерлер арасындағы жарыста, Нұрлан Мусинов пен Біржан Ағымов 70 келіге дейінгілердің арасында жүлделі үшінші орындарды жеңіп алды.   

Чемпионат елордалық «Астана» спорт кешенінің залында өтіп, оған еліміздің 12 облысынан, Астана мен Алматы қалаларынан 187 спортшы қатысқан. Олардың 164-і ерлер болса, 23-і әйелдер.  Естеріңізге сала кетейік, бұл бәсеке   Азия мен әлем чемпионаттарының іріктеу турнирі болып табылады.

Жарыста бірінші орынға ие болған спортшылар сәуір айында Мәскеуде өтетін әлем чемпионатына қатысады.  Ал екінші және үшінші жүлделі орындарды жеңіп алғандар 2015 жылдың 11-13 маусымы аралығында Астанада өтетін Азия чемпионатына қатысауға мүмкіндік алады.   





Яндекс.Метрика