Адами капитал

ҚР ҚМ әскери қызметшілері атпен жүру және тау даярлығынан өтуде (Фото)

91678 әскери бөлімінде арнайы мақсаттағы таулы-егерлік ротаның әскери қызметшілері жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы сабақтарға қатысуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 24 Ақпан, 18:05

««Теріс-Ащыбұлақ» полигонында бір ай бойы далада өтетін жарыста олар  күрделі таулы жерлермен жүрумен қатар, аттармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді. Жаттығу барысында әскери қызметшілерге шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс беру жөнінде нақты міндет қойылады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар әр әскери қызметші қолда бар теориялық білімді тиімді пайдаланып, топ құрамында үйлескен жұмысты көрсетуі тиіс. Полигонда қазіргі таңда «Альпийская» арнайы ротасының сабақтары өтуде. Әскери қызметшілер тау шатқалдарынан өз беттерінше өтіп қана қоймай, әскери техникалар мен жүктерді алып жүруді іске асырады.

Арнайы бөлімшенің жауынгерлеріне таулы жерлерді бағдарлау және топографиялық карталар жасау әдістерін зерделеу өте маңызды. Сонымен бірге «Мөңке» және «Айша бибі» полигондарында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының арнайы бөлімшелері жауынгерлік даярлық бойынша лагерлік жиындардан өтуде. Барлық үш полигондағы жоспарлы сабақтар ағымдағы жылдың 1 наурызында аяқталады.
 





Яндекс.Метрика