«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақтөбеде ұстаздар қауымына ҚР Президентінің Жолдауы түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру мақсатында қала әкімі жанындағы ақпараттық топ орта мектептің ұстаздар қауымымен кездесу өткізілді.
Ақтөбе24 Ақпан , 17:47

Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, кездесу қала әкімі жанындағы ақпараттық топ жетекшісі, Ақтөбе қаласының білім бөлімі  басшысы – Л.Оразбаеваның, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр, топ        мүшесі – Н.Казмановтың қатысуымен өткізілді.Кездесу барысында, топ мүшесі - Н.Казманов Елбасы Жолдауындағы басты және басым бағыттарды түсіндірсе, топ жетекшісі - Л.Оразбаева Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қаламызда атқарылатын жұмыстар турасында баяндап берді.

Сонымен қатар, кездесуде ұстаздар қауымы тарапынан үш ауысымды оқыту, арнайы пәндер кабинеттерін қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері көтеріліп, топ жетекшісімен ұтымды жауаптар берілді.

 




Яндекс.Метрика