Адами капитал

Әскерге шақыру жасына дейінгі жасөспірімдер бір күнін теңіз жаяу әскерлері бригадасында өткізді (Фото)

Әскерге шақыру жасына дейінгі жас ақтаулықтар бір күнін теңіз жаяу әскерлерінің әскери қызметшілерімен өткізді.
Маңғыстау 24 Ақпан, 20:42

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 13 жыл толуына арналған ашық есік күні аясында Маңғыстау облысындағы 25744 ә/б теңіз жаяу әскерлері бригадасына Ақтау қаласының әскери-патриоттық клубына қатысушылар және әскерге шақыру жасына дейінгі жасөспірімдер барып қайтты.

Мұнда олардың әрқайсысы өздерін нағыз теңіз жаяу әскері ретінде сезінді. Бастапқыда жасөспірімдер атыс қаруының, қолда бар жаңа көздеу аспаптарымен жабдықталған қару-жарақтың үлгілерімен және байланыс құралдарымен танысты. Содан кейін АК-74 автоматын бөлшептеп және жинап көрді, ал мамандандырылған атыс тирінде өз беттерінше ату бойынша жаттығулар орындады.

Бұдан соң балаларға кедергілер жолағын бағындыру ұсынылды, ол теңіз жаяу әскерлерінің күнделікті жаттығуларының бір бөлшегі болып табылады. Теңіз жаяу әскерлері бригадасында өткізілген күннің тамаша аяқталуы сарбаздың нағыз түскі асымен дәл келді. Теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі гвардия подполковнигі Ерболат Толықбаев мұндай іс-шаралар болашақ Отан қорғаушыларға армия қызметінің маңыздылығын, патриоттық  рух пен туған елге деген сүйіспеншілікті көрсетудің жақсы мүмкіндігі болатынын айтты.
 





Яндекс.Метрика