Адами капитал

Аудан билігі ҰОС ардагері Алексей Николаевты 90 жылдық мерейтойымен құттықтады (ФОТО)

ҰОС ардагері Алексей Николаевты 90-жас мерейтойымен Целиноград ауаны әкімдігінің өкілдері құттықтады, деп хабарлады Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 24 Ақпан, 17:16

Алексей Константиновичтің өмір жолы мақтауға тұрарлық, жетістіктер мен жеңіске толы. Ол 1943 жылы қыркүйек айында майданға шақырылады. Соғыс жылдары Украина, Румыния, Болгария, Мажарстан, Чехословакия мен Австрия елдеріндегі шайқастарға қатысқан.

Ардагер «Будапештті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» әскери медальдармен марапатталған. Мерейтойлық «Құрмет белгісі» медалімен және ІІ дәрежедегі «Отан соғысы» ордені мен өзгеде төс белгілер берілген.

«Ұлы Отан соғысының ардагері Алексей Николаев жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде жарқын бейне. Ол ауыл тұрғындары арасында да сыйлы», - делінген хабарламада.

Соғыс ардагерін Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Таткеев құттықтап, ұзақ өмір мен зор денсаулық тіледі.





Яндекс.Метрика