Өңірлер

Павлодар облысында тамақ өнеркәсібінің өндірісі 5,3% өсті

Тамақ өнеркәсібінде өндіріс жақсы қарқынмен (5,3%) өсуде. 2014 жылы қайта өңдеу кәсіпорындарының сүт сатып алуға шығынын субсидиялау бағдарламасын іске аса бастады.
Павлодар25 Ақпан , 08:34

«Бұл құрғақ сүт өндірісін 16,1, сары майды - 17,6, қатты ірімшікті 14,3 пайызға арттыруға септігін тигізді», - делінген хабарламада.

Облыс әкімдігі хабарлағандай,  Ақсу қаласы ауылдық аймағында қуаттылығы жылына 8 мың тонна етті құрайтын «Қызылжар-Құс» фабрикасы қалпына келтірілді.

Биыл Ақсу қаласының маңында 10 мың тонна ет өндіруге арналған тағы да бір құс фабрикасының құрылысы басталады. Одан бөлек, Павлодар қаласы ауылдық аймағына қарасты Жетекші ауылындағы жұмыртқа өндіретін құс фабрикасы іске қосылмақ.

2014 жылы ауыл шаруашылығында 3,5 млрд теңге қаражатының 83 жобасы іске қосылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында осы жылы біздің облыс республика бойынша алғашқылардың бірі болып ет өнімін экспорттады. Жоспардағы 800 тоннаны құраса, нақты 894,3 тонна экспортталды, бұл биылғы жылдан 5,5 есеге артық.

Сауда кәсіпорындарының саны 2014 жылы 817 бірлікке өсті. Жаңа пішімді кәсіпорындар ашылып, 600-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды.

 




Яндекс.Метрика