Халықаралық интеграция

Италияндық кәсіпкерлер қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықты өрбітуге мүдделі – ҚР СІМ

Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшісі Андриан Елемесов Пиза және Санта-Кроче-суль-Арно қалаларына жұмыс сапарымен барып, онда Италияның ірі аймақтарының бірі –Тоскананың қоғамдық-саяси және іскер ортасымен кездесулер өткізді.
Әлемде24 Ақпан , 19:23

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, қазақстандық дипломат Санта-Кроче-суль-Арно қаланың мэрі Джулия Дейддамен және Пиза қаланың префекті Атиллио Висконтимен келіссөз жүргізді. А.Елемесов әңгімелесушілерін Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық табыстары және еліміздің халықаралық аренадағы жетістіктері, соның ішінде Қазақстанның дінаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту тәжірибесі, соңдай ақ маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезді туралы хабардар етті. Кездесу барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауына, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі қазақстандық бастамаларына, және «ЭКСПО-2015» Милан қаласында өтетін Қазақстанның қатысуына ерекше назар аударылды.

«Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінің басшысы Тоскананың тұтқалы экономикалық секторлары болып табылатын жетекші кәсіпорындар басшыларымен кездесу өткізді. А. Елемесов аймақтың іскер топтарын ағымдағы жағдаймен және қазақстандық экономиканың даму келешегімен, ұлттық инновациялық әлеуетімен, Қазақстанда шетелдік бизнес пен инвестициялар үшін жасалып жатқан преференциялармен таныстырып өтті. Қазақстанда бизнес жасау тәсілдері, экономикалық преференциялар мен стимулдар пакеті және қазақстандық нарықтың Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы жағдайындағы артықшылықтары туралы ақпаратқа италияндық бизнес өкілдері қызығушылық танытты», - делінген хабарламада.

Қазақстан Су тазарту станцияларын шығаратын, сондай-ақ былғары өндіріспен айналатын Санта-Кроче-суль-Арно қаласында орналасқан компаниялардың озық тәжірибесімен алмасу бойынша ынтымақтастыққа мүдделі.  

Кездесу қорытындысы бойынша итальян кәсіпкерлері қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты жолға қою және бірлескен кәсіпорындар ашу үшін Қазақстан аймағына баруға қызығушылық білдірді.

 

 

 




Яндекс.Метрика