ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Ақтөбе облысындағы «Рамазан» құс фабрикасы жылына 104 млн дана жұмыртқа шығарады

Ақтөбеде 2010 жылдың соңында Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы аясында жаңғыртылған «Рамазан» құс фабрикасы аймақтағы Индустрияландыру картасы бойынша іске асырылған алғашқы нысан болып отыр.
Ақтөбе24 Ақпан , 15:23

Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, кәсіпорынды жаңғыртуға мемлекеттік қолдаудың көмегімен 425 миллион теңге инвестиция тартылды.   

«Мұнда неміс және испан қондырғылары орнатылып, технологиялық процестердің бәрі автоматтандырылған.Бүгінгі таңда жобаланған межеге қол жеткізілді. Атап айтқанда, жылына 104 миллион дана жұмыртқа шығарылады»,- дейді құс фабрикасының бас зоотехнигі Бақытжан Күзембаев.

Кәсіпорынның қуаттылығының арқасында құс жұмыртқасы Ақтөбе облысын ғана емес, өзге өңірлердің де сұраныстарын сапалы өнімдермен қамтамасыз етуде.

«Рамазан» ЖШС құс фабрикасының директоры Нұрлан Гильмановтың айтуынша, бүгінгі таңда жем азықтарын дайындауға да баса назар аударылып отыр. 1800 гектар суармалы жерге жүгері, арпа егілуде.

 




Яндекс.Метрика