Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Боржақты-Ерсай бағытында салынатын темір жолдың негізі қалана бастады

Боржақты-Ерсай бағытындағы темір жолдың негізі қалана бастады. Осы уақытта Мемлекет басшысы 2014 жылдың 1 қазанында бастаған аталмыш темір жолдың құрылысы барынша қарқынды жүріп жатыр.
Батыс Қазақстан24 Ақпан , 15:39

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өкілдерінің хабарлауынша, осы уақытта темір жол салынуы тиіс аймақтағы 47 мың 100 текше метр жерге қажетті материалдар төгілді.  «Темір жол жөндеу» ЖШС-нің филиалының  машина стансасының өндіріс базасында  4 мың 975 километр рельсті шпалы тоқылды. 

Қазіргі таңда аталмыш аймақта 1 километр жол салынды.

«Аталмыш темір жол аймағының маңызы өте зор. Боржақты Ерсай темір жолы Құрықтағы жағалауға пароммен алып өтетін құрылғыны қоса алғанда Каспиге апаратын айлақтар арқылы осы бағыттың экспортты әлеуетін артыратын болады»,-делінген хабарламада




Яндекс.Метрика