Өңірлер

«Нұр Отанның» алғашқы партиялық ұйымдарының 80-ге жуық өкілі коммуникативті біліктілігін арттырды

«Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебі Ақмола облысындағы алғашқы партиялық ұйымдардың (АПҰ) өкілдері үшін көшпелі семинар-тренинг өткізді, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола24 Ақпан , 12:43

Саяси менеджмент мектебі өткізіп жатқан аталмыш курстар партиялықтардың тәжірибесін арттыруға, білімін жетілдіруге және коммуникативті біліктілігін жетілдіруге бағытталды.

Шараға қатысушылар «Ел алдында сөйлеу және саяси пікірталас», «Коммуникативті біліктілікті жетілдіру» тақырыптарында өз білімдерін арттырды.

«Ұдайы партиялықтардың білімі мен біліктілігін арттыру ол уақыт талабы. Біз жыл сайын сайлаушылармен, азаматтармен кездесеміз және коммуникативті біліктілік ол қоғамдық мәселелерді шешуде жақсы негіз. Жалпы, тренингтер алғашқы партиялық ұйымдардың жұмыс тиімділігін арттырады деп есептеймін», - деп атап өтті Есіл ауданы «Еркін»АПҰ төрағасы Владимир Середа.

Айта кетерлік жайт, шараға 80-ге жуық алғашқы партиялық ұйымдар өкілі қатысты. Ақмола облысы бойынша барлығы 330 АПҰ бар, олардың қатарында 35 мыңнан астам адамның басы қосылған.




Яндекс.Метрика