Адами капитал

Кеңес одағының батыры Иван Косенков ҰОС жылдарындағы алты күндік ұрыс жайында әңгімелеп берді

Үштөбе гарнизонының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры Иван Васильевич Косенковпен кездесті. Иван Косенков – қазіргі кезде Алматы облысында тұратын жалғыз Кеңес Одағының батыры, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Алматы 24 Ақпан, 12:26

Ол Алтын Жұлдыз Орденінің, І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерінің, Кеңес Одағының маршалы Георгий Жуков орденінің иегері. 55078 және 30131 әскери бөлім командирлері полковник Серік Есқалиев, майор Ерлан Әбітай және қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлім бастығы капитан Ақназар Өсербаев Батырды көруге және оны құттықтауға барып қайтты.

Бұл әскери қызметшілерге соғыс туралы кейбір бірегей жайттарды білуге тамаша мүмкіндік еді.Иван Васильевич артта қалған майдан күндері туралы, майдан ортасындағы әскери жолдастық және бауырмалдықты көрсетудегі қызықты тарихи деректер жөнінде әңгімелеп берді. Майдангер Днепрдегі алты күн және алты түн бойы жолдасымен бірге жауға қарсы аяусыз ұрыс жүргізгені туралы нағыз ерлік әңгімесін айтты. «Бұл қатерлі шайқас болды», - деп ардагер өз ойын жеткізді.

Иван Васильевич Семей облысында 1923 жылы 30 желтоқсанда дүниеге келді. Ол Оңтүстік-Батыс майданы, 12-ші армия, 333-ші атқыштар дивизиясы, 1118-ші атқыштар полкінің құрамында соғысты, Курск доғасы ұрыстарына, Днепр және Мәскеу үшін шайқастарға қатысты.

 «Біз майданда көрсеткен ержүректілігіңіз және батырлығыңыз үшін, өсіп келе жатқан жас буынға көрсеткен патироттық үлгі үшін Сіздің алдыңызда бас иеміз. Бүгінгі таңда жас ұрпақ Сіздің назарыңыз бен Отанға деген шынайы қызметіңізге мұқтаж. Сіз көрсеткен ерлік үшін мың алғыс білдіреміз, бүгінгі таңда біздің ұрпақ осындай батырмен бірге өмір сүретіні қандай бақыт», - деп 30131 ә/б командирі майор Ерлан Әбітай және 55078 ә/б командирі полковник Серік Есқалиев ардагерге жылы лебіздерін білдіріп,батырға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

 





Яндекс.Метрика